"Павлодар нан комбинаты" ЖШС сейсенбіден бастап бірінші сұрыпты бөлке нанның бағасын 10 теңгеге көтерді. Бұл туралы кәсіпорын бас директоры Виталий Сартаков айтты, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
Виталий Сартаковтың айтуынша, әлеуметтік нанның қымбаттауына ұн бағасының өзгеруі себеп болған. Тап қазіргі уақытта ол – 80-82 теңге.
Бұрын ұнның бір келісі 68 теңге болған.
"Егер кешегі күнге дейін нанның сату бағасы 75 теңге болған болса, қазір – 85 теңге. Осылайша, шығынға батудамыз. Мұның қашанға дейін созылатынын білмеймін. Біз үшін нанды тиімді сату бағасы – 105 теңге", – деді кәсіпорын директоры.
Кәсіпорын тәулігіне 8 тонна қалыпты нан тиейді. Ал Павлодар халқының саны шамамен 350 мың адам.