Павлодарда алғашқы электробустар жолға шықты

963

Электробус толық қуат алғанда 70 шақырымға дейін жетеді.

 Павлодарда алғашқы электробустар жолға шықты

Он автобус: № 10, № 21 және № 22 үш бағдар кестесіне енгізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Электробустар экологиялық таза көлік болып саналады. Атмосфераға қалдықтар таралмайды. Екіншіден, дизельдік отынмен салыстырғанда үш-төрт есе үнемді: дизельдік отын, май, қозғалтқышқа қызмет көрсету қажет емес", – дейді № 1 автобус паркінің директоры Ернар Қоңырханов.

Электробустар сыйымдылығы көп және тез қуаттандырылатын литий-титанатты аккумуляторлармен жабдықталған. Электробус толық қуат алғанда 70 шақырымға дейін жетеді.

Парк директорының айтуынша, маршруттардың соңғы аялдамаларында автобустарды 15 минутқа жуық қуаттауға қоятын станциялар орнатылған.

Қалада барлығы сегіз станция пайда болды, тағы екі станция орнату жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу