Павлодарда алғашқы IT-орталық ашылды

825

Павлодарда алғашқы IT-орталық ашылды

Павлодарда ІТ мамандар даярлайтын алғашқы орталық ашылды, деп хабарлайды 24.kz.

Еуразия Инновациялық университетінің қабырғасында жұмысын бастаған тың жоба жұмыссыз жүрген және жеке кәсібі бар азаматтарды ІТ мамандығына оқытады. Оның ашылуына "Нұр Отан" партиясы мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетті.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында үш пилоттық жоба жүзеге асып жатыр. Ол – ІТ мамандарды даярлау, мектептерде ІТ-сыныптарын ашу және кітапханаларды жаңғырту.

Курстан өтуге 44 өтініш келіп түскен. Ниет танытқандардың 50 пайызы – ауыл жастары. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу