Павлодарда алимент бойынша қарызы барлардың көлігі тартып алынуда

714

Болат Бақауов бір апта бұрын көп балалы аналардың мәселесі бойынша өткен жиында алимент төлемей жүргендермен күресетіндігі жөнінде уәде берген болатын.

Павлодарда алимент бойынша қарызы барлардың көлігі тартып алынуда

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Instagram желісіндегі парақшасында алимент төлемей жүргендермен күрестің нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде жазба қалдырған өңір басшысының айтуынша, осы аптада Павлодар облысында айып тұрағына алимент төлемей жүргендердің 4 көлігі қойылған.

"Борышкерлердің бірі сол сәтте 520 мың теңге қарызын жапты. Тағы бір борышкер қарызының орынына көлігін әйелінің атына аударды. Қалған екі автомобиль бағалаудан кейін сатуға қойылады. Түскен ақша қарыздарды жабуға жұмсалады", – дейді өңір басшысы.

Еске салайық, Болат Бақауов бір апта бұрын көп балалы аналардың мәселесі бойынша өткен жиында алимент төлемей жүргендермен күресетіндігі жөнінде уәде берген болатын.

Сонымен қатар, облыс әкімі ешкім өз балалары алдындағы міндеттен құтылып кетпеуі үшін сот орындаушыларының жұмысын күшейтуді және профилактикалық шараларға дін қызметкерлерін шақыруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу