Павлодарда алимент төлемеген 88 адам анықталды

850

Алимент төлемеген жандарды іздеу – көші-қон қызметінің басты бағыттарының бірі. 

Павлодарда алимент төлемеген 88 адам анықталды   Фото: sputniknews.kz

Павлодарлық полицейлер алимент төлемеген тұрғындарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полицейлермен осы жағдайға басты назар аударылған. Мәселен, өз балаларына материалдық жағынан көмек көрсеткісі келмей жасырынып жүрген “көкек” әкелер Нұр-Сұлтан, Семей қалалары мен Жамбыл облысының аумағынан табылған.

Сараптамаға сүйенсек, алимент төлемейтіндердің қатарында аналар да бар. Балаларын ұмытып, досымен өмірін жалғастырып жатқан 34 жастағы алимент төлемеген ана Павлодар қаласының “Мелиоратор” бақша егу орнында ұсталды. Бұдан өзге, тәртіп сақшыларымен өткізілген рейдтік шаралар кезінде балаларына “қарыз” болған 20 автокөліктің иесі анықталды.

Жауапкерді іздеу туралы сот ұйғарымы іздестіруге негіз болады және ол іздеудегі тұлғаның немесе арызданушының (көбінесе әйелдер) тұрғылықты мекенжайы бойынша полиция органында тіркеледі. Жауапкерді анықтау дегеніміз – төленбеген соманы өндіру деген сөз емес. Полиция тек іздеудегі тұлғаны анықтайды және оның сот орындаушысына келуін міндеттейді.

Қарыз болған соманы өндірумен жеке сот орындаушылары айналысады. Көші-қон қызметімен бір ай ішінде алимент төлемеген адамның тұрғылықты мекенжайын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, өндіріп алушының талаптары бойынша сәйкес құжаттар беріледі. Осы құжаттар негізінде әлеуметтік қамтамасыз ету органдары борышкер іздеуде болған уақыт кезеңінде уақытша жәрдемақы төлейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу