Павлодарда алты мыңға жуық азаматтық қару иелері тексерілді

983

Павлодарда алты мыңға жуық азаматтық қару иелері тексерілді

Павлодар облысы аумағында атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстарды, қаруды ұрлауды ескерту, сондай-ақ заңсыз сақталған қаруларды анықтау және алу мақсатымен "Қару" жедел алдын алу шарасы өткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жолы полицейлермен 10 бірлік тіркелмеген атыс қаруы, сондай-ақ оқ-дәрілер алынды. Оның ішінде үш тегіс оқпанды мылдық, екі травматикалық, үш газдық және екі электрлік қару тәркіленді.

Барлық бұзушылық фактілері бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБК 482-бабына сәйкес (қаруды заңсыз иеленіп алуы, тасымалдауы бойынша) әкімшілік өндіріс қозғалды.  

"Рейдтік іс-шаралар барысында тұрғылықты жері бойынша алты мыңнан астам азаматтық қару иесі тексерілді. Қару ережесін сақтауда жүзден аса бұзушылық анықталды, ол бойынша 139 адам Қазақстан Республикасы ӘҚБК 484, 486-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, 32 жастағы облыс тұрғынынан ішкі істер органдарына тіркелмеген К-5,6 мм иір ойықты мылтық, 22 жастағы Екібастұз қаласының тұрғынынан "ОСА" травматикалық тапанша алынды, ол да полиция бөлімдеріне тіркелмеген", - деді баспасөз қызметінде.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚҚ 287-бабына сәйкес (заңсыз иемденіп алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды алып жүру бойынша) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу