Қазақмыс, Qarmet: ірі зауыттардағы ұрлық схемалары анықталды

115

Ірі зауыттардағы ұрлық схемаларын ІІМ әшкереледі.

Қазақмыс, Qarmet: ірі зауыттардағы ұрлық схемалары анықталды Фото: Видеодан скриншот

Қылмыс жасады деген күдікке кәсіпорынның қызметкерлері ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың заңсыз әрекеті жедел іс-шаралар нәтижесінде құжатталды. Фигуранттар металдың кезекті партиясын шығару кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Бұдан кәсіпорынға 30 млн теңге сомасында шығын келтірілді. Қылмыстық іс ұрлықтың бірнеше эпизодты бойынша тергелуде.

Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "Қазақмыс" корпорациясының қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, көрсетілген кәсіпорынның жұмыскерлерінен тұратын екі топ ұстады. Олар тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау схемасын ұйымдастырған.

"Бірінші жағдайда топ мүшелерінің бірі учаске бастығы болып табылады. Олар 16 млн теңгеден астам сомаға кәсіпорын мүлкін ұрлаған. Екінші топта қылмыстарды жасауға корпорация басқармаларының бірінің басшысы қатысқан. Олар ұрланған заттарды кәсіпорын аумағынан құжаттарды қолдан жасау арқылы шығарып отырған. Аталған фактілер бойынша фигуранттардың құқыққа қарсы әрекеттері туралы дәлелдер жиналды. Барлық күдіктілер ұсталды", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық фактілері бойынша жүргізілуде.

"Сондай-ақ "Qarmet" АҚ-дан мүлік ұрлауды ұйымдастырғаны үшін 2023 жылы ұсталған топтардың бірінің мүшелері ұзақ мерзімге сотталғанын атап өту қажет. Осы кәсіпорында ұрлық жасаған басқа да екі ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. Қылмыстық істер сотқа жіберілді. Ірі өнеркәсіп объектілерінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың криминалдық әрекеттерінің жолын кесу жөніндегі жұмыс Ішкі істер министрлігінің бақылауында", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу