Павлодарда анасы мен баласы өз үйінде өлі күйінде табылды

110

Көршілердің айтуынша, пәтерде зейнеткер мен оның 36 жастағы ұлы тұрған.

Павлодарда анасы мен баласы өз үйінде өлі күйінде табылды Фото: Асхат Аманбеков

Мәйіттер табылған кезде пәтерден өзіне-өзі қол жұмсау туралы хат табылды. Онда қылмыстың себебі ретінде әкесінің өлімі көрсетілген. Біраз уақыт бұрын ер адамның әкесі қайтыс болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодар облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Павлодар қалалық полиция басқармасы қала тұрғынын өлтіру және оның ұлының өз-өзіне қол жұмсауы фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймын", – дейді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.

Анықталғандай, күдікті қылмыс жасағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу