Павлодарда анасымен бірге құлаған балалардың бірі көз жұмды

307

Павлодарда анасымен бірге биіктіктен құлаған екі баланың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодарда анасымен бірге құлаған балалардың бірі көз жұмды Фото: canva

Бұл туралы облыстық балалар ауруханасы мәлімдеді.

Мекеме мәліметінше, бір жарым жастағы баланың жағдайы бастапқы сәттен бері өте ауыр әрі тұрақсыз болған. Кешкі сағаттарда баланың жағдайы нашарлап, сағат 20:10-да жүрек соғысы тоқтаған. 20:40-та өлім тіркелген.

Дәрігерлер екі тәулік бойы интенсивті ем жүргізгенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу