Павлодарда анасын өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды

287

Әйел адамның зорлық-зомбылық белгілері бар денесі пәтерінен табылған.

Павлодарда анасын өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды Фото: Polisia.kz

Павлодарда туған анасын өлтірді деп күдіктелген ер адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Лермонтов көшесіндегі пәтерде ұрып-соғу түріндегі күштеп өлім белгілері бар 66 жастағы қожайынның мәйітін табу фактісіне қатысты ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген ПД хабарламасында. 

Қазіргі кезде сараптама тағайындалды. 

"Қылмысқа марқұмның бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ұлы қылмыс жасады деп күдіктелуде. Қазір оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп нақтылады ПД өкілдері. 

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу