Павлодарда апат салдарынан 10-ға жуық жеке меншік үйдің ауласы мен жертөлелерді су басқан

817

Павлодарда апат салдарынан 10-ға жуық жеке меншік үйдің ауласы мен жертөлелерді су басқан

Павлодарда кеше кешкісін орын алған апат салдарынан қаланың кейбір көшелеріне, 10 шақты жеке меншік үйдің ауласы мен П.Васильев 6, 8 мекенжайындағы екі үйдің жертөлесін су басқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ломов көшесі бойында су құбыры камерасында орын алған апатқа қатысты бүгін қалалық әкімдікте өткен жедел жиын барысында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Андрей Балашов жағдайды баяндап берді.

"Кеше Ломов көшесі, 39, 41, 43 және Абай көшесі, 373 үйлерінде су беру тоқтатылды. Қалған мекежайларда су қысымы төмендетілген деңгейде берілді. Шамамен таңғы сағат 5.00-ден 8.00-ге дейін қала бойынша 1200 үй ауыз судан ажыратылды. Бүгін сағат 11-ге қарай тұрғын үйлерге су жіберіле бастайды. Зардап шеккендерге отын мен көмір беріледі. Көше бойында қатып қалған мұзды ою жұмыстары жүргізілуде. Суды сору бойынша көмек көрсетіліп, аулалар қалыпқа келтірілуде", – деді ол.

"Павлодар-Водоканал" ЖШС басшысының орынбасары Владимир Сарапульцевтің айтуынша, 12 ақпан күні таңертең Абай көшесі, 380 мекенжайы бойында өтетін құбырда ақау пайда болып, Павел Васильев көшесін су басқан. Мамандар бірден олқылықты жоюға кірісіп, диаметрі 800 мм. жапқышты іске қосу үшін басқа да жапқыштарды ағытуға тура келген.  

"Диаметрі 600-ден 1200 мм-ге дейінгі тағы бір жапқышты өшіруге мәжбүр болдық. Жалпы, жапқыш шойыннан жасалған. Бұл берік болғанымен морт металл. Бәлкім, ескірген шығар. Қазір жапқыш кәсіпорынға жеткізіліп, апаттың нақты себептері анықталуа. Қаладағы су құбырлары жапқыштарының жағдайы қанағаттанарлық, бірақ мұндай жағдай енді қайталанбайды деп сенімді айта алмаймын", – мекеме басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу