Павлодарда әскерге шақырылған екі жігіт үшінші қабаттан секіріп кетті

623

Павлодарда әскер қатарына шақырылған екі жігіт жинақтау пунктінен қашып шыққан, деп хабарлайды  Аtameken Business.  

 Павлодарда әскерге шақырылған екі жігіт үшінші қабаттан секіріп кетті

Олардың, күндізгі уақытта үшінші қабаттан секіріп кеткендері сырттағы бейнекамераға түсіп қалды. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратына сүйенсек, 1998 жылы туған Мұхамедкәрім Құлниязов, биіктен секіргенде жарақат алып, табан сүйектерін сындырып алған. Ол қазір қалалық ауруханада жатыр. Ал, онымен бірге секірген 20 жастағы Рүстем Назымбековтің қайда тығылғаны әзірге белгісіз. Оны құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр. Осы оқиғаға байланысты өңірдің полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу