Павлодарда әскери ант тұңғыш рет онлайн режимде қабылданды

860

 150 жас ұлан ант берді.

Павлодарда әскери ант тұңғыш рет онлайн режимде қабылданды

Салтанатты рәсім ҚР Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімшесінде өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бөлімшенің тәрбие және әлеуметтік жұмыс тобының бастығы Аңсар Шәкенов атап өткендей, осы рәсім кезінде 150 жас ұлан Отанға деген адалдығы туралы ант қабылдады.

"Карантинге байланысты ант қабылдауды онлайн-режимде өткізуді шештік. Тікелей эфирге Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Алматы және Маңғыстау облысы қатысты. Барлығы мыңнан астам жазылушылар: сарбаздардың ата-аналары мен жақындары. Іс-шара әскери бөлімшенің аумағында өтті", – дейді Аңсар Шәкенов. 

Аңсар Шәкенов айтқандай, әрі қарай Ұлттық ұлан сарбаздары 5512 бөлімшесіндегі қызмет етуін жалғастырады.

"Қызмет бұрынғысынша өтуде. Әрине, карантиндік іс-шаралар сақталуда: сарбаздарға антисептиктер, бетперделер беріледі, ал бөлімшенің өзі тұрақты түрде залалсыздандырылады", – дейді Аңсар Шәкенов. 

Айта кетейік, былтыр 5512 әскери бөлімшесіне 30 жыл толды. Оған Павлодардағы қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтарды қорғау міндеті жүктелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу