Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "ЗИЛ" көлігінің 44 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған екі баланы қағып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған балалар ауруханаға жатқызылды", - деді департаментте.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу