Павлодарда атты патруль саяжайды бақылайтын болады

493

Облыс орталығындағы саяжай учаскелерінде өрт оқиғалары жиілеген. 

Павлодарда атты патруль саяжайды бақылайтын болады Фото: Inform.kz

Ертіс алқабы мен қалалық бау-бақша шаруашылығында өрттің жиілеуіне байланысты атты патрульді жұмылдыру туралы шешім қабылданды. Павлодар полицейлері ТЖД қызметкерлерімен бірлескен рейдтер жүргізетін болады.

"Рейдтер бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс - қимыл мақсатында, сондай-ақ облыс орталығының бау-бақша кооперативтерінің аумағында қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында жүргізіледі", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Департамент саяжай кезеңінің басталуымен тұрғындар құрғақ шөпті өртеп, от жағып, қоқыстарды өртеуді бастайтынын атап өтті. Тәртіп сақшыларының сөзінше, тұрғындар мұның бәріне тыйым салынғанын ескермейді. Бұл – саяжайлардағы өрттің негізгі себебінің бірі.

Мәселен, мамыр айының басында қаладағы "Яблонька" бау-бақшасында 106 саяжай учаскесі өртенді. Бұдан басқа зейнеткердің абайсыз болуынан өрт шығып, салдарынан 273 саяжай зардап шеккен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу