Павлодарда аурухана науқастары аш қалуы мүмкін

455

Себебі, тамаққа тағайындалған тариф таңдайға татымайды. 

Павлодарда аурухана науқастары аш қалуы мүмкін Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар облысындағы он аурухананың науқастары аш қалуы мүмкін. Өйткені, медициналық мекеме асханаларын жалға алған кәсіпкер шығынға батқан, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Себебі, тамаққа тағайындалған тариф таңдайға татымайды. Басқарма белгілеп берген баға қымбатшылықтың қалқасында қалып қойды. Жақын арада мәселе шешімін таппаса бизнесмен асханалық қызметтен бас тартудан тайынбайды.

Павлодар облысындағы 10 медициналық мекеменің асханасын жеке серіктестік арқылы жалға алған кәсіпкер жұмыстан бас тартуда. Себебі, келісім шарт талабы бойынша ол барлығына күрделі жөндеу жасап, жаңадан жарақтады. Оған 273 млн астам теңге инвестиция да салды. Бизнесмен ас су әзірлейтін құрал жабдықтың да бәрін өз ақшасына сатып алған. Алайда, шығын мемлекет тарапынан қайтарылмай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу