Павлодарда ауыр газойл өндірісі басталды

613

Мұнай-химия зауыты жаңа өндірісті қолға алды. 

Павлодарда ауыр газойл өндірісі басталды

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС шығаратын жаңа өнім өндірістік процестерге аса қажет көрінеді. Басты нарық экспорт болмақ. Ресейде техникалық көміртек өндірумен айналысатын "Омсктехуглерод" компаниясына сату көзделіп отыр. 23 желтоқсанда өңдеуден өткен ауыр газойлдың 500 тонналық бірінші партиясы тұтынушыға жіберілді. 

"Техникалық көміртектің шикізаты бұрын тауарлық мазутты дайындауға қолданылған компоненттен өндіріледі. Техникалық көміртек шикізатын өндіру кәсіпорынның табыстылығын арттыруға, сондай-ақ мұнайды өңдеу тереңдігін арттыруға мүмкіндік береді. Техникалық көміртек резеңке бұйымдар өндірісінде, шиналар өндірісінде, пластикалық массалар, бояулар мен тонерлер өндірісінде сұранысқа ие", - деп жазады зауыттың баспасөз қызметі.  

Еске салсақ, Презиент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Үкіметке мұнай-газ секторын экспортқа бағытталған өнім шығаруға қайта бағдарлау туралы тапсырма берген болатын. Павлодардағы жобаны осы тапсырманы орындауға бағытталған шара деп бағалауға болады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу