Павлодарда автобус жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті

114

Адам өліміне байланысты іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.

Павлодарда автобус жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті Фото: Константин Шелков

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші Жібек жолы көшесімен келе жатып, Геринг көшесінің қиылысында жолдың жүріс бөлігін белгісіз жерде өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Айта кетейік, көз жұмған велосипедші 61 жаста болған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу