Павлодарда тұрақта тұрған екі жеңіл көлік өртенді

205

Өрт 12 минут ішінде толықтай сөндірілді.

Павлодарда тұрақта тұрған екі жеңіл көлік өртенді Фото: gov.kz

Павлодарда таңғы сағат 06:25-те Қамзин көшесі бойында тұрған автокөліктің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Мекенжайға жедел түрде өрт сөндіру есептері жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шақыру орнына келгеннен кейін автотұрақта "Мерседес" және "Тойота" маркалы екі көліктің өртенгені анықталды.

Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 5 шаршы метр алаңында өртті сөндіруге жедел кірісті. Сағат 06:37-де өрт толықтай жойылды және өрттің басқа объектілерге таралуына жол берілмеді.

ТЖД күштері мен құралдарынан 10 адам және екі техника жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу