Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиешіге қатысты әкімшілік іс қозғалды

602

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу кезінде Павлодар тұрғынының бірінен өтініш анықталған.

Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиешіге қатысты әкімшілік іс қозғалды

Павлодар қаласының полициясы қаладағы балақшалардың бірінде тәрбиешінің балаға қол көтеру дерегін тексерді, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғыны өтінішінде 18 қазан күні Павлодар қаласының Урицкий көшесінде орналасқан №52 балабақшаның тәрбиешісі оның 2017 жылы туған ұлына дене жарақатын салғаны туралы хабарлаған. 

Ішкі істер органы бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптамасын тағайындап, "балаға түскен дене жарақаттары денсаулыққа жеңіл зиян келтірумен сәйкес келетінін" анықтаған.

Балабақшаның 30 жастағы тәрбиешісіне қатысты ҚР ӘҚБтК  73-1-бабы 1-бөлігінің бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотта қаралады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу