Прокуратураның пәрменімен Павлодардың балалар үйлері мен балаларды қолдау орталықтарындағы 105 қыз медициналық тексеруден өтті. Нәтижесінде 11 тәрбиеленушіге зорлық-зомбылық көрсетілгені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Тексеру барысында 11 қыздың ерте бастан пәктігінен айрылғаны тіркеліп отыр. Оның 8-і қазіргі уақытта Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне алынды. Күдіктілер анықталып, ұсталды. Үш дерек қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тексеріліп жатыр. Бұған қоса балалардың үй жағдайындағы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырауына қатысты екі дерек тіркеліп отыр, – деп хабарлады бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова.
Бұл қылмыстардың барлығына бірнеше жыл болған. Тексеріс нәтижесінің арқасында ғана енді ашылып отыр.