Павлодарда баланың иммунитетін көтеретін тұзды шахта ашылды

2002

Павлодарда баланың иммунитетін көтеретін тұзды шахта ашылды

Павлодар ауданындағы "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында галокамера (тұзды шахта) ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Білім беру бөлімі ұсынған ақпаратқа сүйенек, мұнда оқушыларға жайлы демалу үшін барлық жағдай қарастырылған. Әсіресе, балалардың денсаулығын жақсартуға көп көңіл бөлінеді. Орталықта профилактикалық-сауықтыру кешені орналасқан. "Биоптрон" қолдануымен физиотерапиялық процедураларға, ультрадыбыстық ингаляторға арналған "Солнышко" ультракүлгін кварцпен сəулелендіру кабинеттері бар. 
"Галокамера немесе тұзды шахта медициналық кабинеті сияқты кабинет облыс лагерьлерінде алғаш рет ашылып отыр. Басты мақсат - орталықта демалып жатқан балалардың денсаулықтарын жақсарту үшін замануи аппараттардың мүмкіндігін қолдану. Галокамера (тұзды шахта) - ресейлік өңдіріспен жасалған микроклимат аппараты "Бризсоль - 1" адам ағзасын тұзды ауаның әсерімен, яғни ауадағы тұзды микробөлшектердің тыныс алу жолдарына өтуі арқылы ағзаны зиянды бактериялардан тазартып сауықтыруға негізделген. Галокамера микроэлементтермен қанықтандырылып, жоғары иондандырылғандықтан қанды оттегімен қанықтыруға және иммунитетті нығайтуға көмектеседі, - дейді бөлім маманы Балжан Әділханова. 
Айта кетерлігі, орталық  іске қосылғаннан бері төрт ауысымда 400-ге жуық бала сауықтандырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу