Бұл туралы Бас прокуратурасының ресми арнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Успен ауданының прокуратурасы Константиновка ауылы тұрғындарының өтінішін қарау барысында балалардың мектепке дейінгі білім алуға қолжетімділік жөніндегі конституциялық құқықтарының бұзылғанын анықтаған.
– Балабақшада топтың нормативтік сыйымдылығы 26 орын бола тұра, мекеме директоры тәрбиеленушілерді қабылдауды негізсіз түрде 20 баламен шектегені белгілі болды.
Нәтижесінде, жалпы үй саны 200-ден аспайтын ауылдық округте заңсыз түрде 9 баладан тұратын кезек қалыптасқан, – делінген хабарламада.
Қадағалау актісін қарау қорытындысында заң бұзушылықтар жойылған. Бұрын кезекте тұрған балалар мектепке дейінгі ұйымға қабылданып, медициналық құжаттама белгіленген талаптарға сәйкестендірілген.
Қорытындысында балабақша басшысына қатаң тәртіптік жауапкершілік қарастырылды.