Павлодарда балаларға арналған тіс емханасы ашылмақ

605

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов баспасөз жиынында облыстық балалар ауруханасы мен балалар жұқпалы аурулар ауруханасының құрылыс жұмыстары жайлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.  

Павлодарда балаларға арналған тіс емханасы ашылмақ Фото: pavlodarnews.kz

"Облыстық балалар ауруханасының екі корпусында күрделі жөндеу жұмыстары және толық бір корпустың құрылысын бастадық. Үшінші болып салынатын корпуста хирургиялық бөлім жасауды жоспарлап отырмыз", - деді Айдар Сейітқазинов.

Оның сөзінше инфекциялық аурухананың жөндеу жұмыстары, жобалық сметалық құжаттама әзірлегеннен кейін белгілі болады. Құрылыс бөлінетін соммаға қарай қайта құру жұмыстары немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Назарбаев көшесі 200 мекен-жайындағы ғимаратта келесі жылы кезекті жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Ол жерді кеңейтіп, балалар стоматологиясын ашқымыз келеді. Бұл балалар стоматологиясында барлық балалар ем ала алады, төсек-орнымен және анестезиялық көмек көрсету үшін күндізгі стационармен жабдықталады. Ал келесі жылы балалар стоматологиясына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуды жоспарға енгіздік", - деді спикер.

Айта кетейік, биыл медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі жөндеу жұмыстарына 2,2 млрд. теңге бөлініп 691 млн. теңге сомасына 15 нысан жөнделді. 25 нысанды күрделі жөндеуге 43,9 млн. теңгеге сметалық құжаттама әзірленді.

Сонымен қатар, аудандық ауруханаларды, емханаларды және облыстық стационарларды жарақтандыру үшін 400-ден астам медициналық жабдық сатып алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу