Павлодарда балаларға былапыт сөз айтқан күдікті қамауға алынды

286

Павлодардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты мектеп ауласында былапыт сөйлеп және кәмелетке толмаған балаларға тиіскен облыс тұрғынына қатысты іс қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодарда балаларға былапыт сөз айтқан күдікті қамауға алынды Фото: zakon.kz

Оқиға 14 қыркүйекте қаладағы Кенжекөл мектебінің ауласында болған.

Ер адам кінәсін толық мойындады. Оның кінәсі учаскелік полиция қызметкері мен куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді.

"Сот оны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп таныды. Ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу