Павлодарда балаларын терезеден лақтырған әйел жындыханаға жатқызылды

102

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тергеу ісі аяқталып, материалдар прокуратураға жолданған.

Павлодарда балаларын терезеден лақтырған әйел жындыханаға жатқызылды Фото: gov.kz

Павлодар қаласында биыл шілде айында көпқабатты үйден балаларын лақтырып, кейін өзі де секіріп кеткен әйелге қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Балалардың анасы – күдікті әйелге қатысты мәжбүрлі медициналық сипаттағы шара қолдану туралы шешім қабылданды. Ол Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастырылды", – деп мәлімдеді облыстық ПД өкілдері.

Айта кетейік, биыл 30 шілде күні Павлодар қаласындағы Нұрмағамбетов көшесінде жантүршігерлік оқиға болды. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам бесінші қабаттан екі баласын терезеден лақтырып жіберген. Кейін өзі де секіріп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу