Павлодарда балаларына 7 млн теңгеден астам алимент төлемеген ана анықталды

223

Алимент төлеуден әкелер ғана емес, аналар да жалтарады. 

Павлодарда балаларына 7 млн теңгеден астам алимент төлемеген ана анықталды Фото: pixabay.com

Павлодар облысында полиция балаларына алимент төлемеген ананы тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ПД Көші-қон қызметінің басшысы Дәулет Ысқақовтың айтуынша, жыл басынан бері өңірде алимент төлеуден жалтарған 91 адам анықталған.

"Борышкерлердің 7 көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Мысалы, ажырасқаннан кейін әке қызын тәрбиелеуге қатыспаған. 35 жастағы борышкердің қарызы 3,5 миллион теңгеге жеткен. Оны полицейлер Қарағанды облысының ауылдарының бірінен тапты", - деді Дәулет Ысқақов

Полиция дерегінше, алимент төлеуден әкелер ғана емес, аналар да жалтарады. Мысалы, 42 жастағы әйел кәмелетке толмаған 3 балаға алимент төлемеген. Осылайша, қарыз 7 миллион теңгеден асқан.

Қазіргі уақытта әйелмен полицейлер жұмыс жүргізіп жатыр.

Полиция алиментті уақытында төлемеген қазақстандықтар Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу