Павлодарда баланың басынан 5 жыл бұрын кіріп кеткен бұтақтың бір бөлігі алынды

131

Таңғаларлық жайт туралы Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері мәлімдеді.

Павлодарда баланың басынан 5 жыл бұрын кіріп кеткен бұтақтың бір бөлігі алынды Фото: instagram.com/odb_pavlodar

Қазақстанда баланың басынан бес жыл бұрын кіріп кеткен бұтақтың бір бөлігі алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2015 жылы туған бала осыдан бес жыл бұрын бұтаққа құлап, жарақат алған. Ол кезде жара жуылып, орны тігілген. Алайда жара бір жыл бойы қабынып, ақырында дәрігерлер баланың басында бөгде зат барын анықтап, оны алып тастау үшін балаға ота жасауға мәжбүр болған. 

Дәрігерлердің айтуынша, соңғы 2–3 айда жараның орны қайтадан баланы мазалай бастаған.

Тексеру барысында кальцийленген тығыз түзіліс анықталды. Компьютерлік томография кезінде баланың басында бөгде зат бары белгілі болды. Дәрігерлер ота жасап, бұтақтың бір бөлігін толықтай алып тастады.

Қазір баланың жағдайы жақсы, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу