Павлодарда баспана кезегінде тұрғандарға биыл 300 пәтер беріледі – әкім

484

Павлодар облысының әкімі тұрғындарды құттықтады.

Павлодарда баспана кезегінде тұрғандарға биыл 300 пәтер беріледі – әкім Фото: Inbusiness.kz

2023 жылға арналған толық есеп қаңтар айының ортасында жарияланады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы аймақ басшысы Асайын Байханов Instagram желісіндегі жеке парақшасында тікелей эфирде айтып, өңір тұрғындарын жаңа жылмен құттықтады.

— Республикалық бюджеттен субвенция көлемі бойынша соңғы орынның алдында тұрмыз. Бұл мәселе бойынша жұмыс істеудеміз. Облыстың бюджет көлемі, кірістері жақсы,  сондықтан кейбір өңірлерге қарағанда субвенция аздау. Мен 2023 жылға арналған толық есепті қаңтар айының ортасында жариялаймын. Әр сала бойынша салық төлеушілердің қаржысы қандай бағытта жұмсалды, қандай саланы қамтыдық, қандай жетістіктерге жеттік, соған қатысты толық есеп беруге тырысамын, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, ол биыл кезекте тұрғандарға төрт санат бойынша 300 пәтер берілетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу