Павлодарда бәссаудаға қойылған түрме ғимараты сатылмады

814

Павлодарда бәссаудаға қойылған түрме ғимараты сатылмады

Павлодарда құрылысы аяқталмаған түзету мекемесінің ғимараты екінші мәрте саудаға қойылғанымен, сатылмады, деп хабарлайды 24.kz.

Әкімдік бәссаудада бағасын төмендетсе де, сатып алушылар табылмады. Бұған дейін қалалық екі емхана аукционға қойылған еді. Бірақ нәтижесі тұрғындар наразылығын тудырды. Себебі жергілікті жұрт инвесторлардың өз міндеттерін тиісті деңгейде атқаратынына күмәнмен қарап отыр. Аса ауыр қылмыс жасағандарға арналған колонияның бағасы 4 млрд теңгеге жуық. Кешен кірпіш пен бетоннан тұрғызылған. 1500 адамға арналған түрме қажет болмай, құрылысы тоқтап қалды. Бүгін мұнда аумақта күзетшіден басқа ешкім жоқ. Түзету мекемесінің ғимараты бірнеше жыл бұрын тұрғызылған. Сақалды құрылыс санатындағы бұл нысан 8 корпустан тұрады. Дегенмен тиісті күтім болмаса, 12 гектар жерді алып жатқан кешен апатты жағдайға ұшырауы мүмкін. Объект кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жерде орналасқан. Жергілікті әкімдік осы аукционға зор үмір артып еді. Тіпті бағасын екі есе арзандатты да. Бірақ, нысан бизнесмендерді қызықтырмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу