Павлодарда Баянауыл өңіріне әуе рейстері ашылуы мүмкін

1041

Павлодарда Баянауыл өңіріне әуе рейстері ашылуы мүмкін

Павлодарда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде Баянауыл өңіріне әуе рейстерін ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов мәлім етті, деп хабарлады  жергілікті pavlodarnews.kz сайты.

"Экспо-2017 кезінде біздің ауданға туристер көптеп келеді. Қазіргі уақытта, ауданның туристтік базасын құрастыру бойынша жобамен жұмыс жүріп жатыр. Баянауыл ауданында Жасыбай, Торайғыр және Сабындыкөл  көлдері бар. Сонымен қатар, Қаражар ауылының қасында жазғы демалыс түрлерімен қатар қысты демалысты да жетілдіреміз. Осы жерде таушаңғымен айналысуға жағдай жасасақ дейміз. Бұдан басқа, қонақтарға ыңғайлы болуы үшін Павлодар-Қарағанды-Астана бағыты бойынша Баянауыл арқылы шағын ұшақтар желісін дамытуды жоспарлап отырмыз. Ұшақтың қонуына бір шақырымдық алаң жеткілікті, мұндай қолайлы жер Сабындыкөлдің маңында бар. Бұл мәселе бойынша жекеменшік тасымалдаушылар мен турфирмалармен келісім сөз жүргізіліп жатыр, – деді Оразгелді Қайыргелдинов.

Айта кету керек, жазғы уақытта Баянауыл ауданына демалуға 150 мыңдай адам келеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу