Павлодарда бір ай бұрын жоғалып кеткен жаттықтырушы іздестіріліп жатыр

829

Сергей Курятков биыл 15 мамырдан бері байланысқа шықпаған

Павлодарда бір ай бұрын жоғалып кеткен жаттықтырушы іздестіріліп жатыр Фото: Vita еріктілер ұйымы

Vita еріктілерінің айтуынша, хабарсыз кеткен азамат бұрын жақсы жаттықтырушы болған. Қазіргі кезде үйсіз-күйсіз жүргендердің арасында жүруі мүмкін. 

Бойы - 160-170 см. Көздері қоңыр. Сол жақ аяғында айдаһардың суреті бар.

"Іздеушілер Сергей жүруі мүмкін аудандардың біріне бағдарларды жабыстырып шықты. Жергілікті тұрғындар мен өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырып, жақын маңдағы дүкендер мен қоқыс полигондарын тексерді", – дейді еріктілер. 

Сергей Курятковтың орналасқан жерін білетін немесе басқа да маңызды ақпарат болса, еріктілердің +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша дереу хабарлауды сұрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу