Павлодарда бір отбасының 4 адамы өз үйінде белгісіз жағдайда көз жұмған

717

Отағасы пәтеріне келгенде, әйелі мен балаларын өлі күйде тапқан.

Павлодарда бір отбасының 4 адамы өз үйінде белгісіз жағдайда көз жұмған

Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

"9 қараша күні сағат 12.00-де полицияға ер адамнан Айманов көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан үйдегі пәтерден төрт адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы пәтер иесі үйге оралғаннан кейін есікті аша алмағанын анықтады, өйткені есік ішкі жағынан жабылған. Көршілерден құралды алып, есікті ашқан", –  дейді облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Пәтерге кірген кезде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар жұбайы мен үш баласының (2013, 2015 және 2017 жылдары туған) өлі күйде тапқан.

Ерлі-зайыптылар бірге тұрады, балалары ортақ некеден туған. Пәтердегі тәртіп бұзылмаған. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жұмыс жүргізілуде.

Аталған үйдегі тұрғынның айтуынша, көршілер болған оқиғадан шошып қалған.

"Олар осы жақтан емес. Үш баласы болды. Әйел жас, сүйкімді еді. Ол балаларын Ертіске апаратын, қорғап жүретін. Балалар әрқашан таза, ұқыпты киінген. Олар туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Біз барлығымыз есеңгіреп қалдық", – дейді көршілерінің бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу