Павлодарда бір тәулікте 1021 құқық бұзушылық анықталды

453

Бір тәуліктің ішінде полицейлер 1021 құқық бұзушылықты анықтады.

Павлодарда бір тәулікте 1021 құқық бұзушылық анықталды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Павлодар облысында "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру аясында қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өткен тәулікте жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 433 дерегі тіркелді. Сондай-ақ алты жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарғаны белгілі болды.

Күн сайын патрульдік полиция ротасы мен батальонының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарады.

– Негізгі назар криминогендік ахуалы күрделі аумақтар мен адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға аударылады. Патрульдік полиция тәулік бойы қызмет етіп, тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Инспекторлар жол қозғалысы қағидаларының сақталуын бақылаумен қатар, оқиға орындарына бірінші болып жетіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді және қылмыстарды жедел ашуға ықпал етеді. Анықталған барлық құқық бұзушылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылып, көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.

Полиция өкілдері өңірде құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидаты дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу