Павлодарда бір жарым жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

342

Бүлдіршін ауруханада ем-дом қабылдап жатыр. 

Павлодарда бір жарым жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті Фото: google.com

Бала тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлаған. Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шегушіні шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға кеше кешкілік болған.

"Облыстық жедел жәрдем стансасына 18 сәуір күні сағат 19:07-де төртінші қабаттан бала құлады деген хабарлама келіп түсті. Медициналық бригада 6 минутта жетті. Бала бір жарым жаста. Бас миының жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", - деп мәлімдеді жедел жәрдем қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу