Павлодарда биылғы қыста 27 мұз айдыны жұмыс істейді

1035

Павлодарда биылғы қыста 27 мұз айдыны жұмыс істейді

Павлодарда биылғы қыста 27 мұз айдыны жұмыс істейді. Солардың 25-і облыс орталығында болса, қалған екеуі Павлодар ауылы мен Ленин кентінде ашылады, деп хабарлайды pavlodarews.kz.

Хоккей айдынынан бөлек Samruk-Kazyna-Trust компаниясының демеушілігімен мұнда балалар мен стрит-воркаут алаңдары, сондай-ақ тренажерлер қойылды.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Күмісай Асайынованың айтуынша, дәл осындай инклюзивті кешендер қаламыздағы Қамзин, 68 және Естай, 146 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында орналастырылды.

"Барлық алаңдар қаламыздың тұрғындар көп тұратын аудандарында орналастырылды, - дейді Күмісай Асайынова. – Хоккей алаңдарында жазғы кезде футбол ойнауға болады. Олар жасанды шөп жамылғысымен жабдықталған. Барлық кешендер арнайы қажеттіліктері бар балалардың еркін ойнауына лайық инклюзивті элементтерді қамтиды".

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы міндетін атқарушысының сөзінше, үш кешенді салуға демеушілер 60 миллион теңгедей қаражат жұмсаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу