Павлодарда бүгіннен бастап автобустардың жүру уақыты қысқарады

956

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу өңірде бүгіннен бастап қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілуде.

Павлодарда бүгіннен бастап автобустардың жүру уақыты қысқарады

Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының шешіміне сәйкес 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Басты мақсат – облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу. Аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған белгіленген шаралар аяқталғанға дейін азаматтардың қоғамдық орындарда, соның ішінде қоғамдық көліктермен жүруі уақытша шектеледі", – дейді қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Жолаушылар ағынының төмендеуін ескере отырып, қалалық автобус маршруттарының қозғалысы сағат 06:30-дан 20:00-ге дейін шектелетін болады. Сағат 20.00-ден бастап күн сайын маршруттың соңғы аялдамасынан қарсы бағытта тиісті маршруттың кезекші автобусы соңғы рейсті орындайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу