Павлодардағы №1 БЖСМ-де қыркүйек айында жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Спорт мектебінің директоры Нұрлан Амангельдинов атап өткендей, "Ертіс" корпоративтік қоры нысанды жалға алып, мердігерлерді тауып, жөндеу жұмыстарын жасауда. Жұмыстар сәуірде басталды, бес ай ішінде өз мәресіне жетеді.
"Бұл жерде бұрын диірмен болатын. Қазір, тамаша спорт мекемесіне айналуда. Жөндеу де жасалып жатыр. Екі бөлім грек-рим күресі мен велоспортқа арналады, онда 1328 бала спортпен шұғылданбақ. Мұнда өте суық болатын, батарей жоқ, терезелерден жел соғатын, радиаторлар жеткіліксіз еді. Қазіргі жобаға сай барлығы жеткілікті. Енді өзіміздің электр жүйесі тармағымыз бар, жылу құбырлары жаңа. Терезелердің көлемі кішірейтіледі, қыста суықтан қорықпаймыз. Санитарлық тораптар мен душ бөлмелері, киім ауыстыратын және басқа да пайдалы бөлмелер пайда болады", - деді Нұрлан Амангельдинов.