Павлодарда мемлекеттік қаражаттың негізсіз жұмсалуына жол берілмеді

280

Прокурорлық тексеріс нәтижесінде 368 млн теңгеден астам сомаға қатысты заң бұзушылықтар анықталды.  

Павлодарда мемлекеттік қаражаттың негізсіз жұмсалуына жол берілмеді Фото: stan.kz

Павлодар қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласына жүргізілген талдау нәтижесінде Орталық скверді жөндеу жобасын жоспарлау барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында сметалық құжаттамаға көлемі 25 мың шаршы метрден асатын тротуар плиталарын төсеу жұмыстары енгізілгені белгілі болды. Сонымен қатар дәл осындай көлемдегі бетон плиталарын сатып алу қарастырылған, олардың жалпы құны 368 миллион теңгеден асады.

Алайда Орталық сквердің жалпы аумағы шамамен 25 мың шаршы метрді ғана құрайды. Оның едәуір бөлігін көгалдар, жасыл желектер, ағаштар және төсем төселмейтін ашық топырақ учаскелері алып жатыр.

Прокуратура жүргізген өлшеулер нәтижесінде тротуар плиталарына нақты қажеттілік 9 мың шаршы метрден аспайтыны анықталған. Осылайша жобада көзделген жұмыс көлемі мен құрылыс материалдары нақты қажеттіліктен бірнеше есе артық болған.

Қадағалау органы мұндай жағдай бюджет қаражатының негізсіз жұмсалу қаупін туғызғанын атап өтті.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылып, заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Павлодар қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүдделерді қорғау және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу