Павлодарда COVID-19 жұқтырған екі жүкті әйелдің хәлі ауыр

1028

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Павлодарда COVID-19  жұқтырған екі жүкті әйелдің хәлі ауыр

"Павлодар облысы бойынша ковидтік госпитальдарда – 811, ал реанимацияда 83 науқас ем алады. Науқастар саны өткен аптадан 48-ге (5,6%) азайды. 23 жүкті әйел стационарлық емделуде жатыр. Олардың 2-уі ауыр хәлде, 21 жүкті әйел амбулаториялық емделуде. Облыс бойынша 184 бала емделуде. Оның ішінде стационарда – 55, амбулаториялық деңгейде 129 бала ем алады", – деді облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова.

Оның айтуынша, жыл басынан бері облыста COVID-19  жұқтырған 35 896 науқас тіркелген. Оның ішінде 1 051 екіқабат әйел, 5324 бала бар. Ауыру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 4792-ге тең.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу