Павлодарда дәрігерлер қабылдауына жазылу неге қиындады?

683

Павлодар облысының халқы ауруханалардағы тар ауқымды мамандардың қабылдауына жазылу қиын екенін айтып шағымданады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Павлодарда дәрігерлер қабылдауына жазылу неге қиындады?

Мұның себебі неде? Сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов жауап берді.

"Жалпы тар ауқымды мамандарға жазылу ақпарат жүйелері арқылы жүзеге асатыны белгілі. Ал оларға деген кезек 10 күннен артық созылмайды. Бірақ кезекке жазылмаған адамдардың да ауруханаға келіуінен мәселе шиеленісіп кетіп жатады. Ондайда ажиотаж туындайды. Осыған байланысты жазылған адамдардың кіру уақыты созылып кетеді. Мұндайды денсаулық сақтау басқармасы күнделікті қадағалап отырады және медицина ұйымдары кезекті азайту үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. Мәселе негізінен тамыз айында қиындады. Ол кезде біздің мамандар вакциналау жұмысына жұмылдырылған болатын. Сонда, әсіресе, учаскелік терапевтер саны азайып қалды. Бірақ қазір жағдай жақсарды. Мамандар өз жұмысына оралды. Сондықтан бұл жағдай реттеледі деп ойлаймыз", – деді Айдар Сейітқазинов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу