Павлодарда дәріхана қызметкерінің кесірінен 3 жасар бала уланып қалды

830

Павлодарда фармацевт дәрілерді шатастырып алған. Салдарынан 3 жасар бала антидепрессанттарға уланып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда дәріхана қызметкерінің кесірінен 3 жасар бала уланып қалды

3 жасар баланың анасы дәрігер жазып берген дәрілерді сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін бала өзін нашар сезініп, құса бастаған. Әйел дереу жедел жәрдем шақырыпты. Балаға "антидепрессанттармен улану" диагнозы қойылған.

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, фармацепт қателесіп басқа дәріні сатқаны анықталды.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 317-бабы (Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу