Павлодарда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жиыны өтті

956

Отырысқа Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Ақмола өңірлеріндегі филиалдардың басшылары  мен Ресейдің Алтай өлкесіндегі  отандастарымыз қатысты.

Павлодарда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жиыны өтті

"Достық" үйінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековтың төрағалығымен жиын өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Отырысқа Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Ақмола өңірлеріндегі филиалдардың басшылары  мен Ресейдің Алтай өлкесіндегі  отандастарымыз қатысты.

"Былтырғы жылы мамыр айында өткен Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше міндеттер қойған, - дейді  Зауытбек Тұрысбеков. - Біріншіден, орталық кеңсені Алматыдан Астанаға көшіру туралы тапсырма берген болатын. Бұл тапсырма орындалды. Екінші міндет - барлық облыстарда  қауымдастық филиалдарын ашу. Үшіншісі -   қазақтар көп шоғырланған  шет елдермен тығыз байланыс орнату.  Оның ішінде Қытай, Өзбекстан, Түркия, Моңғолия елдері бар".

Қауымдастық төрағасы орынбасарының айтуынша, бүгінгі жиын "Ұлы дала"  фестиваліне орайластырылған.

"Ертіс өңірінде ұйымдастырылып отырған "Ұлы дала" фестиваліне былтыр да қатысқан едім. Шараның ауқымдылығына таң қалып отырмын. Бұған қоса, биыл фестивальдің деңгейі де өскен. Сондықтан  басқа өңірлердегі өкілдіктерге көрсету үшін  арнайы осында  шақырып отырмыз. Еліміз егемендік алған 27 жылдың ішінде миллиондаған адам Ата қонысына оралды. Әлі де туған еліне қоныс аударғысы келетін қаншама адамдар бар. Елбасы оларды жай ғана көшіріп қоймай,  Израиль, Германия, Ресей елдері сияқты жағдай жасауды тапсырды. Сондықтан баспана және жұмыспен қамту - бірінші кезекке қойылатын мәселе, - дейді  Зауытбек Тұрысбеков.

Кездесу барысында бүгінде шетелдік қазақтармен ғана емес, барлық қазақстандықтармен жұмыс істеуге бағытталған "Отандастар" қорының  маңыздылығы  туралы да сөз қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу