Жас ананың мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз, қазір еріктілер мен полиция оны іздеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
25 жастағы Әсем Тайлақова 5 шілдеде үйден кетіп, ағасына өзіне қол жұмсайтыны жөнінде смс жіберген. Ол "суға батып өлемін" деп жазыпты.
Оның жоғалып кеткені жөнінде волонтерлерге жұбайы хабарлаған. Айта кетерлігі, Әсем – екі баланың анасы, жолдасымен некесін бұзу туралы өтініш берген.
Павлодарлық еріктілер әлеуметтік желілердегі парақшалардан қызды таныған немесе оның орналасқан жері туралы білетіндердің барлығынан полицияға немесе VITA отрядына хабарлауды сұрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу