Павлодарда екі үй жанып кетті

Өртке оранған баспаналар тұруға жарамсыз.

Павлодарда екі үй жанып кетті

Павлодарда облыс орталығына жақын орналасқан Павлодарское ауылында екі үй өртеніп, 300 шаршы метр аумақ қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Тілекжан Галямовтың айтуынша, Октябрьская көшесі, 65 мекен-жайында орналасқан төрт бөлмелі үйдің шатыры жанып кетті.

Барлығы 60 шаршы метр аумақ күлге айналды. Сондай-ақ бұл баспанаға іргелес орналасқан төрт бөлмелі үйдің 70 шаршы метр аумағын жалын шарпыды. Бұл үйде де шатыр, ас үй мен дәліздегі жиһаздар түгел өртенген. 

"Оқиға орнында 7 техника мен 25 қызметкер, газ-түтіннен қорғау қызметі жұмыс істеді.  Сондай-ақ Жаңаауыл орман шаруашылығынан бір автоцистерна мен екі адам жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.  Зардап шеккендер  жоқ", – деді Тілекжан Галямов.

Болжам бойынша, өрттің шығуына жылыту пештері мен мұржалардың дұрыс жұмыс істемеуі себеп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу