Павлодарда электробустар, жаңа автобустар мен трамвайлар жүре бастады

1312

Аймақ басшысы Болат Бақауов электробустардың бірін өзі тізгіндеп көрді.

Павлодарда электробустар, жаңа автобустар мен трамвайлар жүре бастады

Павлодарға бірінші класты, сыйымдылығы үлкен электробустар келді. Сонымен қатар, "№1 автобус паркі" ЖШС 20 "Анкай" маркалы дизель отынымен жүретін автобустарға ие болды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда қалалық автобус паркі 76 пайызға жаңарды. Бұл Қазақстан бойынша орта көрсеткіштен жоғары.

Жаңа қоғамдық көліктер №5, 10, 21, 22 бағыттарындағы қалалық маршруттарда, сондай-ақ, облыс орталығының ауылдық аймақтарының арасындағы маршруттарға қызмет көрсететін болады.

Электробустар 2013-20 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшу Концепциясын жүзеге асыру шеңберінде сатып алынды.

Сонымен қатар, Павлодарға 4 жаңа трамвай жеткізілді. Трамвай басқармасының көліктерін жаңғырту шеңберінде қыркүйек айында белорустық "БелКоммунМаш" зауытында құрастырылған тағы да 5 вагон әкелінуі керек. Нәтижесінде трамвай депосының қозғалмалы құрамы 40%-ға жаңарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу