Ертіс өңірінде Egov жүйесі бойынша мемлекеттік қызметтерді трамвай ішінде алуға болады. Облыс орталығында халыққа қызмет көрсету бұрышы жасақталған вагон жүре бастады, деп хабарлайды 24.kz.
Сала мамандары тұтынушыларды мобильді азаматтар базасына тіркеп, ұялы телефонның көмегімен алуға болатын мемлекеттік қызметтермен таныстырды. Басты мақсат "Электронды үкімет" порталының қолжетімділігі мен қарапайымдылығын көрсету.
Айта кетейік, бүгінде қызметтерді орталыққа бармай, смартфон арқылы алуға болады. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 70 проценті электронды түрде ұсынылады.
"Облыс әкімінің тапсырмасыман көшпелі халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын іске қостық. Трамвай әр апта сайын сәрсенбі және сенбі күндері жүреді. Мамандар халыққа кеңес берумен қатар мемлекеттік қызметтерді алуға үйретпек",– дейді облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы Дәулет Есмағамбетов.