Павлодарда еңбек басқармасының басшысы ірі мөлшердегі парамен ұсталды

876

Павлодарда еңбек басқармасының басшысы ірі мөлшердегі парамен ұсталды

Павлодар облысы бойынша Жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінен ұлттық бюро облыстық еңбек басқармасының басшысы Е.Асқаров тарапынан жасалған жемқорлық әрекетті әшкереледі, деп хабарлайды 24Хабар.

Е.Асқаров өзінің қарамағындағы қызметкердің делдалдық етуімен "Павлодар жеңіл конструкциялар зауыты" ЖШС өкілінен кәсіпорында қызметкермен болған және соңы қайғылы аяқталған жазатайым оқиға бойынша оңтайлы қорытынды жазып бергені үшін 1 миллион теңге пара алған. 

Осыған байланысты Е.Асқаров Павлодар қаласындағы уақытша ұстау абақтысына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу