Павлодарда ер адам қарызын қайтармаған әйелге көшеде нәжісін лақтырған

204

Тұрғынның ісі сотта қаралды. 

Павлодарда ер адам қарызын қайтармаған әйелге көшеде нәжісін лақтырған Фото: РБК

Павлодар тұрғыны көшеде әйелдің үстіне нәжісін шашқаны үшін жазаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодарда Аймауытов саябағында ер адам нәжісін пакетке салып, таныс әйелдің бетіне лақтырған.  

Сөйтсе әйел оған қарыз екен, ер адам ақшасын күте алмай, осылай өшін алған.

"Ер адамның жеке басы анықталды, ол Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік материал толтырылып, ісі сотта қаралды. Сот шешімімен оған 14 АЕК (51 688 теңге) айыппұл салынды", – деді Павлодар қалалық ІІБ Оңтүстік полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Рустам Серғазинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу