Павлодар полицейлері "телефон" алаяқтарына көмектескен ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жалдамалы пәтерде әрқайсысында 8 слоты бар 5 sim-box құрылғысы анықталды.
Онда қазақстандық ұялы байланыс операторларының sim-карталары орнатылған.
"Олардың көмегімен республика аумағында интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылатын виртуалды абоненттік нөмірлер тіркелген. Сонымен қатар 4 роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 sim-картасы тәркіленді. Ұсталғандар полицияға жеткізілді. Анықталғандай, олардың міндетіне апта сайын құрылғылардағы sim-карталарды ауыстыру кірген", – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Тергеу жүргізіліп жатыр.